Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық жоба: Өмірге қажетті дағдыларды игеруге үйретеді

Халықаралық жоба: Өмірге қажетті дағдыларды игеруге үйретеді

Жұбанов университеті 2021 жылдан бастап  Быдгощ университетінің (Польша) ғалымдарымен бірлескен  «Поляк-қазақ өңірлік қауіпсіздік және құтқару бойынша білім беру орталығы» атты халықаралық жобасы бойынша жұмыс атқарып келеді.

Өткен жылы университеттің 150 оқытушысы алғашқы медициналық көмекті поляк және еуропа стандарттарына сәйкес оқыту әдістемесін меңгерді.

Жоба шеңберіндегі келесі кезең 2023 жылдың сәуір айының 17-21 аралығында өтеді. Бұл кезеңде мектеп мұғалімдерінен бастап оқытушыларды, студенттерді, балабақша тәрбиешілерін, медициналық персоналды және  басқа да салалардың өкілдерін, еліміздің тұрғындарын Жұбанов университеті базасында алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына жаппай оқыту көзделіп отыр. Жоба жоспары бойынша мақсатты аудитория 1000 адамды қамтамасыз ету  қажет.

Айта кетейік, оқыту тегін, арнайы жабдықталған оқыту базасында жүзеге асырылады. Барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

Қатысушылар 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін мына сілтеме бойынша тіркелуі қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeJiU726W3how18z0lmv0LqxVmmLU5MtutxyPzlF-8ExAsDUQ/viewform.

Курс ұзақтығы – 1 күн. Тіркелген кезде 2023 жылдың 18-20 сәуірі аралығындағы 1 күнді таңдау мүмкіндігі бар.