Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттік спорттық лигада университет спортшылары жүлделі орындар иеленді

Студенттік спорттық лигада университет спортшылары жүлделі орындар иеленді

Жұбанов университетінің студенттері Батыс аймақтық жоғары оқу орындары студенттері арасындағы “Студенттік спорттық лига” спартакиадасының финалдық кездесуінде жоғары нәтиже көрсетуде.

Атап өтетін болсақ, тоғызқұмалақтан әйелдер арасындағы және ерлер арасындағы командалық есепте Жұбанов университеті командасы бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, үстел теннисінен, қазақ күресінен әйелдер және ерлер арасындағы командалық есепте  университет спортшылары үшінші орынды жеңіп алды.

Енді спорттық лигада университеттің волейболдан әйелдер арасындағы командасы және шағын футболдан ерлер арасындағы командасы бақ сынайтын болады.

Айта кетейік, спартакиада ұстаз, әрі ғалым Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығына орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өтуде.