Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Білім > Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалы бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы басталды

Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалы бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы басталды

Жұбанов университетінде алдағы оқу жылына қабылдау кезеңі бойынша іс-шаралар басталды. Кәсіби бағдар беру тобы бүгіннен бастап бір апта бойы Атырау, Ақтау, Қызылорда, Орал қалаларының мектептерін аралап, жоғары сынып оқушыларымен кездесетін болады.

Іссапардың басты мақсаты – мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, Ұлыбританияның Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалына түсу мүмкіндіктері жайында ақпарат беру.

Айта кетейік, Жұбанов университетінде ашылған Heriot-Watt университетінің филиалына жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік грант негізінде үш мамандық бойынша 300 студент қабылданады.

Атап өтер болсақ, Электроэнергетика (бейіндік пәндері Математика-Физика), Геоинженерия (бейіндік пәндері Математика-Физика), Компьютерлік инженерия (бейіндік пәндері Математика-Информатика) мамандықтары. Оқуды сәтті аяқтаған жағдайда түлектерге Heriot-Watt университетінің және Жұбанов университетінің қос дипломы беріледі.
Heriot-Watt университетінің филиалына тапсыру үшін қажетті талаптар:
• ҰБТ (мамыр-шілде), төменгі шекті балл – 50
• IELTS 5.0 (2 секцияның көрсеткіші 4,5 баллдан төмен болмауы керек)
немесе
• Ақтөбе қаласында Heriot-Watt университеті өткізетін IELTS форматындағы емтиханға қатысу керек (29-30 сәуір, шілде).

Қосымша сұрақтар бойынша көрсетілген нөмірлерге хабарласуыңызға болады.
+ 7 776 786 12 85; + 7 778 550 9195