Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ақтөбелік студенттер бастаңғы өткізді

Ақтөбелік студенттер бастаңғы өткізді

Жұбанов университетінде қаламыздағы жоғары оқу орындарының білім алушылары бас қосып, бастаңғы өткізді.

Ондағы мақсат – қазақтың көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеп, жастардың бойына сіңіру.

Жиында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол Мұханбетқалиев ата-бабаларымыздан мұра болып қалған салт-дәстүрлердің барлығының тәрбиелік мәні ерекше екенін атап өтті.
Бастаңғы – қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі болған. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде, жастар жиналып, өзара әзіл айтып, өнер жарыстырған.

Бүгінгі «Бастаңғы» кешінде Жұбанов университетінің өнерлі жастары ән айтып, би биледі. Сондай-ақ, жиналғандар студенттерден құралған «Ақжелең» оркестрінің өнерін тамашалады.

Айта кетейік, кешке М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, Қазақ және Орыс халықаралық университеті, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті және Жұбанов университетінің студенттері қатысты.