Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дене шынықтыру сабақтары орынборлық оқытушылармен бірге

Дене шынықтыру сабақтары орынборлық оқытушылармен бірге

Университетте «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері бір апта бойы орынборлық оқытушылардан дәріс алды, ал кафедра оқытушылары әріптестерімен педагогикалық тәжірибе алмасты.

Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы-ғалымдары «Дене шынықтыру»  инстиутының директоры П.П. Тиссен  және осы оқу орнының «Дене шынықтыру» кафедрасының доценті Степанова Л.М. академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шақырылған болатын.

Ресейдің мектеп және жоғары оқу орындарындағы білім беру құрылымы мен мазмұны ашылған,   педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент П.П. Тиссеннің «Ресейдегі дене шынықтыру білімін модернизациялаудың негізгі бағыттары» тақырыбындағы ашық сабағы үлкен қызығушылық тудырды. Ал 2-курс студенттеріне «Жүзу» пәнін «Дельфин» бассейнінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.М.Степанова өткізді.  Орынборлық оқытушылардың сапары барысында 3 курс студенттері арасында «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша педагогикалық олимпиада өтті.

Жарыс 3 турдан құрылды: теориялық білімдерін тестілеу,  студенттердің дене дайындығын тестілеу және педагогикалық жағдаяттарда шешім табу. Пәндік олимпиадаға қазылар арасында П.П.Тиссен, Л.М. Степанова да болды. Орынборлық оқытушылардың іс сапарының соңында  «Дене шынықтыру және спорт» кафедарасымен ЖОО аралық  «Дене тәрбиесі, спорт және туризм» салалары  бойынша  желілік ғылыми-педагогикалық  қоғам қалыптастырудың мәселелері» атты онлайн конференция өткізілді. Онлайн-семинарда Жұбанов университетімен бірге  Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің, Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті (Челябинск қаласы), Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекетік университеті оқытушылары қатысты.

Онлайн-конферецияда жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынастар туралы сұрақтар қарастырылды, әсіресе бірлесіп білім беру бағдарламасы, халықаралық тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық, оқу құралдарын бірлесіп шығару, монографиялық жарияланымдар туралы пікір алмасылды.