Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған зияткерлік ойын өтті

Ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған зияткерлік ойын өтті

Бүгін Жұбанов университетінің студенттері арасында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тарихын дәріптеуге арналған «Жоралғы күні» зияткерлік ойыны өтті. Ойында қатысушыларға қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты сұрақтар қойылып, команда мүшелерінің танымы мен тапқырлығы сынға түсті.

Сайыста әр факультет студенттерінен құрылған 8 команда өзара бақ сынасты.

Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар сан қилы бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін байқатты. Ойыншылар Қазақстанның тарихы, қазақ халқының дәстүрлері жайлы білгенін ортаға салды. Тартысты сайыста командалар қазақ әндерінің дыбыстық үзіндісін тыңдау арқылы өлеңді анықтаудан сайысты. Сонымен қатар ойыншылар мозаика құрастырып, кроссворд шешу арқылы жасырылған салт-дәстүрдің атауын дұрыс тауып, сол туралы толық ақпарат беруге тырысты.

Қазылар алқасы қатысушы топтардың қарым-қабілетін бағалап, сайыс қорытындысын шығарды. Ең көп ұпай жинаған үздік командаларға жүлделі орындар мен сыйлықтар табыс етілді.