Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақтың ұлттық тағамдары насихатталды

Қазақтың ұлттық тағамдары насихатталды

Жұбанов университетінде Наурыз мейрамын тойлау жалғасуда. Бүгін оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері «Ұлттық тағамдар күнін» атап өтті.
Аталған шараның мақсаты – ұлттық тағамдарды таныстырып, олардың ерекшеліктерін, пайдасын жастарға насихаттау.

Айта кетейік, қазақ халқының ұлттық асханасы дәруменге толы тағамдарға өте бай. Наурыз мейрамында «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп тілек айтылып, түрлі тағамдар дайындалған. Ұлыс күні дастарқанда тағам мол болса, сол жылы молшылық болады деп саналған.

Мерекелік жиында ақ дастарқан жайылып, қазақтың түрлі ұлттық тағамдары қойылды. Дәмнен ауыз тиген жастарға әр тағамның маңыздылығы айтылып, олардың адам денсаулығына тигізетін пайдасы атап өтілді. Сонымен қатар өнегелі салт-дәстүрдің бірі – дастарқан басында «бата берудің» мәнісі үлгі етілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық рух, тәлім-тәрбиені дәріптейтін салт-дәстүрлерді жаңғыртып, бойларына әдет-ғұрыптарды сіңіруде осындай іс-шаралардың маңыздылығы зор.