Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер 3 сәуірден қабылдана бастайды

Оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер 3 сәуірден қабылдана бастайды

Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер 3-27 сәуір аралығында SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қабылданады.

Ол үшін сізге қажет:

  • SMART ARSU мобильдік қосымшасын Play market/ App store арқылы жүктеу;
  • ҚОНАҚ рөлінде тіркелу;
  • СҚКО Темірқазыққа кіру;
  • ҚА тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау таңдау;
  • көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және жіберу;
  • өтінішті негізгі мәзірден «менің өтініштерімнен» бақылай аласыз.

Қажетті  құжаттар  тізімі:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі;
  2. Ф-№ 075У үлгідегі медициналық  анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы  куәландырылған);
  3. Қорытынды аттестаттау кредитінің ақысы төленген түбіртек (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша 1 кредит – 10600тг, басқа салалар бойынша 1 кредит – 8250тг).

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7132) 56 28 96, +7 708 471 65 48 нөмірлеріне хабарлассаңыз болады.