Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Конференция барысындағы ынтымақтастыққа келісім

Конференция барысындағы ынтымақтастыққа келісім

  30 қараша күні  өткен  Тілтану ғылымының тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасына арналған «Жұбанов тағылымы» дәстүрлі ІХ халықаралық ғылыми конференциясы барысында Башқұрт мемлекеттік университеті және Жұбанов университеті арасында ынтымақтастық келісімге қол қойылды. 

Конференцияға башқұрттық жоғары оқу орнынан профессор Г.Р.Абдулина мен доцент Г.Д. Валиева қатысып, баяндама жасаған болатын. Екі ғалым да «Шығыстану және башқұрт тіл білімі» кафедрасында дәріс береді.

Ынтымақтастық келісімнің мақсаты —  білім беру, ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы байланыстарды орнату. Сондай-ақ келісім шеңберінде қос дипломдық білім мәселесі де қарастырылатын болады.