Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері ақтөбеліктерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Университет студенттері ақтөбеліктерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

22 наурыз күні қаламыздағы «Әдебиет аллеясына» жиналған қала тұрғындары Жұбанов университетінің өнерлі жастары қойған тамаша концерттің куәсі болды. Оқу орнының студенттері бұл шараға үлкен дайындықпен келді. Жиналғандар университет студенттерінің орындауындағы заманауи хит-әндерге қосыла билесе, егде жастағы көрермендер ретро және халық әндерін сүйсіне тыңдады.

Сонымен қатар аллеяда университет ұжымы ұлттық бұйымдар көрмесін ұйымдастырды. Талантты жастар қазақ күйлерін орындап, биші қыздар ұлттық нақыштағы би биледі.

Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы күн мен түннің теңескен, жаңа жылдың басы ретінде ерекше аталып өтеді. Бұл күні ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылды. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар өтіп, мерекенің сәнін келтірді.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мен университет ректоры Лаура Қарабасова жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, мерекелік іс-шараны өткізуге атсалысқан университеттің бірқатар профессор-оқытушылары мен қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.