Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте оқушыларға арналған жобалар байқауы өткізіледі

Университетте оқушыларға арналған жобалар байқауы өткізіледі

Университетте оқушыларға арналған «Өңірді дамыту драйверлері» атты ғылыми және кәсіпкерлік жобалар байқауы өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін 2023 жылғы 20 сәуірге дейін (қоса алғанда) секциялар бойынша көрсетілген мекенжайларға мынадай файлдарды жіберу қажет:

1) талаптарға сәйкес ресімделген презентация;

2) үлгі бойынша ресімделген өтінім (сауалнама);

 

 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталады.

Конкурсқа қатысуға орта мектептердің 7-11 сынып оқушылары, 7-12 сынып НЗМ және колледж білім алушылары шақырылады.

Байқаудың өткізілу формасы: офлайн

Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.

КОНКУРС СЕКЦИЯЛАРЫ

Секция 01. Өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу және аймақтың экологиясы

(nduimukhanov@zhubanov.edu.kz , +77024236295)

Секция 02. Өңірдегі цифрландыру және IT дамыту мәселелері

(kzhantleuova@zhubanov.edu.kz , +77475239607)

Секция 03. Өңірдегі жаратылыстану ғылымдарының дамуы

(gamirgaliyeva@zhubanov.edu.kz , +77052383958)

Секция 04. Өңір экономикасы

(nyesselbayeva@zhubanov.edu.kz , +77014860363)

Секция 05. Өңірдегі тіл, тарих және география мәселелері

(eshynatay@zhubanov.edu.kz , +77711869016)

 

МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

10 слайдтан тұратын презентация.

Презентация мыналарды қамтуы керек:

  • Жобаның атауы
  • Жоба авторлары, сыныбы, мектебі, мекенжайы (қала, аудан) туралы мәлімет
  • Өзектілігі
  • Мақсат
  • Міндеттер
  • Әлеуметтік / техникалық әсер
  • Жобаны іске асырудың негізгі нәтижелері немесе жолдары

 

 ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ

 

Секция
Қатысушының/қатысушылардың аты-жөні
Жобаның атауы
Оқу орнының атауы
Сынып
Жобаның ғылыми жетекшісі
Қатысушының/ғылыми жетекшінің байланыс телефоны
E-mail

 

Файл атауын қою реті мынадай болу керек:

Секция нөмірі, автордың тегі

Хаттың тақырыбына мыналарды жазу қажет: Өңірді дамыту драйверлері, аты-жөні