Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің 34 студенті шетелде білім алуда

Жұбанов университетінің 34 студенті шетелде білім алуда

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жыл сайын университеттен 100-ге жуық білім алушылар Америка, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Польша, Түркия, Литва, Ресей, Белоруссия тағы басқа елдердің беделді жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдап келеді.

Биылғы 2022-2023 оқу жылының екінші семестрінде Жұбанов университетінің 34 студенті шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда. Осыған дейін студенттер Польшадағы Быдгошь, Түркияның Кастамону, Памуккале, Чанаккале және Хаджетепе университеттеріне оқуға жіберілген болатын.

Жақында тағы үш білім алушымыз Түркия мемлекетінің Кастамону және Памуккале университеттеріне 1 семестрге грант негізінде білім алуға аттанды. Сондай-ақ, тағы екі студент Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде білімін жетілдіретін болады.