Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қазақстанда шетелдік ЖОО-ның алты филиалы ашылады

Қазақстанда шетелдік ЖОО-ның алты филиалы ашылады

2023 жылы Қазақстанда шетелдік ЖОО-ның алты жаңа филиалы ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Heriot watt university (Ұлыбритания) Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылады.

Білім беру бағдарламалары:

  • геоинженерия;
  • электр энергетикасы;
  • компьютерлік инженерия.

Сеул ҰҒТУ (Оңтүстік корея) Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы ҚМУ базасында ашылады.

Білім беру бағдарламалары:

  • агротехника;
  • IT технологиясы;
  • инженерия;
  • биотехнология.

Гази университеті (Түркия).

Шымкенттегі оңтүстік қазақстан педагогикалық университетінің базасында Білім беру бағдарламалары:

  • білім,
  • педагогика;
  • құрылыс және сәулет.

Германия жоғары оқу орындарының консорциумы (Берлин, Гамбург, Анхальт) Ақтаудағы Есенов университетінің базасында ашылады.

Білім беру бағдарламалары:

  • сутегі энергетикасы;
  • жасыл энергетика және баламалы энергетика.

Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері және Д.И.Менделеев атындағы РХТУ М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында ашылмақ.

Білім беру бағдарламалары:

  • ирригация;
  • гидроинженерия;
  • су ресурстарын басқару.