Понедельник, Июль 22, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > 30 наурызда Польша Республикасының ЖОО-ларында тегін оқуға құжат қабылдау басталады

30 наурызда Польша Республикасының ЖОО-ларында тегін оқуға құжат қабылдау басталады

Биылғы жылғы 30 наурызда үкіметаралық гранттар аясында Польша Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау басталады. Өтінімдер 2023 жылғы 14 сәуірге дейін eGov.kz эл. үкімет порталы арқылы онлайн қабылданады.

Қазақстандықтарға 11 грант бөлінді:

  • «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша — 3 грант;
  • «Магистратура» бағдарламасы бойынша — 4 грант;
  • «Докторантура» бағдарламасы бойынша — 4 грант.

Грант мынадай шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • «Докторантура» бағдарламасы бойынша оқыған жағдайда ай сайынғы стипендия.

Грант магистратура және бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алушылардың тұру шығындарын өтемейді. Сондай-ақ медициналық сақтандыру міндетті болуы тиіс.

Студенттер екі семестр бойы поляк тілінде дайындық курстарынан өтуге міндетті. Кейінгі оқыту тілі қабылдаушы университет іріктеуінің нәтижесі бойынша белгіленетін болады.

Айта кетейік, ағылшын тілінде оқуға түсетіндер тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынады.

Кандидаттарды іріктеудің негізгі критерийлері:
1) балдық жүйе бойынша шет тілін меңгеру деңгейі;
2) балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
3) тәуелсіз сараптамалық комиссиясының бағасы.

Конкурстық іріктеуде халықтың әлеуметтік осал санаттары басымдыққа ие. Бұл көп балалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ ауылдық елдімекендерден үміткерлер.

ЖОО-лар мен мамандықтар тізімін келесі сілтеме арқылы табуға болады https://programs.nawa.gov.pl

//bolashak.gov.kz/