Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Доктор Полин МакЛун онлайн-қонақ дәрісін өткізеді

Доктор Полин МакЛун онлайн-қонақ дәрісін өткізеді

Жұбанов университетінің оқытушылары мен білім алушыларына 4 сәуір күні Глазго Университетінің (Шотландия) Молекулалық биология ғылымдары факультетінің оқытушысы, доктор Полин МакЛун онлайн-қонақ дәрісін өткізеді.

Доктор Полин МакЛунның ғылыми қызығушылығы тері ауруларын емдеудің жаңа әдістерін іздеу мақсатында табиғи өнімдердің биологиялық қасиеттерін зерттеуді қамтиды. Сонымен қатар, ол Орталық Азия аймағында ультракүлгін сәулеленудің әсерінен болатын денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау үшін зерттеу жүргізеді. Доктор оқытатын негізгі пәндерге молекулалық иммунология, табиғи медицина, дерматология аспектілері және биологиялық зерттеу этикасы жатады.

Ғалым фотохимиялық, фотобиологиялық ғылымдарға қатысты зерттеу журналдарындағы көптеген басылымдардың авторы (Scopus h-index 7).

Қонақ дәрісінің тақырыбы: «Теріні және жараларды емдеуге арналған фитохимиялық заттар».

Дәріс ағылшын тілінде өтеді.

Өтетін күні: 4 cәуір 2023 жыл, сағат 15:00

ZOOM:

ID: 946 961 1670

код: 777