Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенті Қазақстан жастар құрама командасы құрамында әлемдік додада өнер көрсетті

Университет студенті Қазақстан жастар құрама командасы құрамында әлемдік додада өнер көрсетті

Бокстан еліміздің жастар құрама командасы Черногорияның Будвада қаласында өткен «Адриатика інжу-маржаны» халықаралық турнирінен жеңіспен оралды. Әлемдік додада Қазақстан жастар құрама командасы жүлделі төртінші орынды иеленді. Команда құрамында Жұбанов университетінің студенті Дәулет Төлемісов бар.

Дәулет Төлемісов университетте «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алады.

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) хабарлауынша, бұл турнир жастар арасында әлем кубогы мәртебесіне ие.