Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 3 сәуірде басталады

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 3 сәуірде басталады

Жұбанов университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығына шетелдік жоғары оқу орындарына оқу үшін құжаттар қабылдау 3-17 сәуір аралығында жүргізіледі.

Мемлекеттік грант бойынша оқитын 2,3 курс (бакалавриат) және 1 курс (магистратура) білім алушылары университет есебінен (бюджеттен тыс) 100 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оқу үлгерімі GPA 3,33-тен төмен болмауы керек. Ақылы негізде оқитын білім алушылар өз қаражаты бойынша өтініш білдіре алады.

Айта кетейік, егер шетел тілін меңгеру деңгейі туралы құжат болмаған жағдайда университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен институционалды тестілеу өткізілетін болады.

 

Қажеттті құжаттар тізімі:

  • Түйіндеме;
  • Төлқұжат көшірмесі;
  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Ректор атына жазылатын өтініш;
  • Ұсыныс хат (кафедра меңгерушісінің атынан);
  • Оқу орнынан анықтама (СҚКО-дан берілген, Бас ғимарат 1 қабат);
  • Транскрипт (СҚКО-дан берілген, Бас ғимарат 1 қабат);
  • Шетел тілін меңгергені туралы сертификат;
  • Халықаралық, Республикалық немесе таңдалған оқу бағыты бойынша шараларға қатысқаны туралы дипломдар, сертификаттар мен марапаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  • Қазақстан Республикасы азаматының анкетасы;
  • Фото – 3*4, 6 дана;
  • Папка файлдармен – 1д;

Конкурс өткеннен кейінгі құжаттар тізімі:

  • Оқып жатқан студенттің өтініші (2 дана);
  • Оқуға келісім (2 дана);
  • Студенттің жеке оқу жоспары (ИУПС);
  • № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығу үшін);
  • Үшжақты келісім шарт;
  • Транскрипт (оқуды аяқтаған соң);
  • Смета көшірмесі;
  • Памятка;
  • Бұйрық көшірмесі.