Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері Тоғызқұмалақтан жекелей чемпионатта жеңіске жетті

Университет студенттері Тоғызқұмалақтан жекелей чемпионатта жеңіске жетті

Жұбанов университетінің студенттері Тараз қаласында өткен Тоғызқұмалақтан юниорлармен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті.

Чемпионатта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері Диас Жанбау бірінші орынды иеленсе, Алмас Тілегенов жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, Диас Жанбауға Қырғызстанның Ыссықкөл қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама берілді.

Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!