Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қайта даярлау курсын сәтті аяқтаған тыңдаушылар мектепте жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады

Қайта даярлау курсын сәтті аяқтаған тыңдаушылар мектепте жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады

Педагогикалық қайта даярлау курстары педагогикалық білімі жоқ, бірақ мектептерде жұмыс жасағысы келетін адамдарға арналған. Қайта даярлау курстарына тек жоғары білімі бар адамдар ғана жазыла алады.

Айта кетейік, Жұбанов университетіндегі Қосымша білім беру департаменті осы бағытта жұмыс істейді.

Департамент мамандарының айтуынша, мысалы белгілі бір мамандық бойынша ғылыми бағытта бітірген түлектер, қайта даярлау курсын оқу арқылы сол мамандық бойынша педагогикалық біліктілік ала алады.

Алты айлық оқыту курсын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға мектепте мұғалім болып жұмыс істеуге құқық беретін мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.

Қазіргі таңда осы курс бойынша Қосымша білім беру департаментінен 60 тыңдаушы курсты сәтті аяқтап, сертификаттар иеленді. Сондай-ақ, осы оқу жылында «Пост-дипломды педагогикалық білім беру сертификациялық» қайта даярлау курстарына педагогикалық 9 білім беру бағдарламасы бойынша қабылданған 44 тыңдаушы қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыруда.