Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > Жүзге жуық шекара қызметкерлері біліктілікті арттыру курсын аяқтады

Жүзге жуық шекара қызметкерлері біліктілікті арттыру курсын аяқтады

Жұбанов университетінде «Қорғанысты қолдайық!» пилоттық әлеуметтік жобасы аясында бір ай көлемінде біліктілікті арттыру курсын жүзге жуық  шекара қызметкерлері тәмамдады.

Бүгін курсты аяқтаған шекара қызмекерлерінің соңғы легіне сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар шекара қызметкерлеріне курсты өткізуге атсалысқан университет қызметкерлері мен профессор-оқытушыларына Басқарма Төрағасы-Ректор Лаура Қарабасованың Алғыс хаттары берілді.

Айта кетейік, жоба университет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен ынтымақтастық аясында ақпан айынан бастау алған болатын.