Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің командасы Гран-при иегері атанды

Жұбанов университетінің командасы Гран-при иегері атанды

Жұбанов университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттерінен құралған «ШАМ» командасы Астана қаласында өткен «Сейітов ізбасары» байқауында Гран-при иегері атанды.

Байқау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ұйымдастыруымен еліміздің жоғары оқу орындары студенттері мен тыңдаушылары арасында өткізілді.

Университеттің «ШАМ» командасына «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Төремұрат Бисембиев жетекшілік етті.

Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз!