Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Жұбанов университетінің  «Математика» кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты  Мадина Тлеубергенова «Математика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды.

Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен беріледі.

Айта кетейік, Мадина Тлеубергенова 50-ден астам ғылыми жұмыстар мен оқу- әдістемелік еңбектердің авторы.

Ғалымды жетістігімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!