Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Арман Давлетяров ақтөбелік студенттермен кездесті

Арман Давлетяров ақтөбелік студенттермен кездесті

«Asar Ume» қоғамдық қорының өкілдері продюсер Арман Давлетяров пен журналист Серік Қамбарбаев Ақтөбеге сапары барысында Жұбанов университетіне келіп, студенттермен кездесті.

Кездесу барысында Арман Давлетяров «Баланс құпиясы» тақырыбында семинар өткізді.

Белгілі продюсер жастармен табыстың құпиялары туралы бөлісті.  Сонымен қатар отбасылық құндылықтар, ар-ұждан мен әділеттілікті сақтай білу, шоу-бизнес әлемінде рухани қасиеттерді қалай жоғалтпау керектігі жайында айтты. Өзінің өмір жолы туралы да тоқталды. Қарапайым қазақ жігіті бір кездері өз мансабын сыпырушы және зат тасушы ретінде бастаған. Ал бүгінде ол ең танымал әртістермен жұмыс жасайды.

– Өмірде кез — келген жағдайда ең бастысы-адам болып қалу, — деп атап өтті Арман Давлетяров.

Кездесуде  Жұбанов университетінің студенттері қонаққа қызықты сұрақтар қойды. Олар атақты адам қайдан шабыт алады, ол үшін бақыт не деген сұрақтар төңірегінде қызығушылық танытты. Сондай-ақ жаңадан бастаған блогерлер мен әртістерге қандай кеңес беруді сұрады.

Арман Давлетяров медиа индустрияның ең көрнекті өкілдерінің бірі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері және «Муз-ТВ» ұлттық арнасының бұрынғы басшысы ретінде танымал.