Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамыр айында қазақстандықтар 3 бірдей мерекені атап өтеді.

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.

7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына дүйсенбі 8 мамырда демалыс.

Әрі қарай 9 мамыр күні тағы демаламыз.

Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады:

  • бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр;
  • алты күн жұмыс істейтіндер 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.