Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Доктор Дэвид Марш онлайн-қонақ дәрісін өткізеді

Доктор Дэвид Марш онлайн-қонақ дәрісін өткізеді

Жұбанов университетінің оқытушылары мен білім алушыларына 11 сәуір күні сағат 15:00-де (Ақтөбе уақытымен) доктор Дэвид Марш «Табиғи тілдегі жасанды интеллект процессорлары (ChatGPT) арқылы университеттерде оқытудың жаңа қиындықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбында онлайн-қонақ дәрісін өткізеді.

Дэвид Марш — Ұлыбританияның Корольдік өнер қоғамының, EduCluster Finland Консультативтік кеңесінің және Ювяскюля университеті тобының мүшесі, сондай-ақ Финляндияның MED директоры.

Ол 25 жыл бойы Финляндияда білім беруді дамытуға үлес қосты. 50-ден астам елде жұмыс істеді. Сонымен қатар Ұлыбританияда, Финляндияда және Испанияда 5 дәрежеге ие болды. Қазіргі уақытта ол білім берудегі өзгерістерді басқаруды қамтамасыз ету, кәсіптік бағдар мен навигацияны жүзеге асыру процестерін әзірлеу және цифрлық технологияларды білетін жастарға арналған білім беру тәжірибелерін түзетумен айналысады.

Доктор Дэвид Марш пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) әдістемесінің негізін қалаушы және CLIL, екі тілділік білім беру туралы зерттеу журналдарындағы көптеген басылымдардың авторы (h-index 25).

Дәріс ағылшын тілінде өтеді.