Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қытай мұнай университетімен келісімге қол қойылды

Қытай мұнай университетімен келісімге қол қойылды

Кеше, 4-ші желтоқсан күні, Ақтөбе облысының әкімі Бердыбек Сапарбаевтың Қытай Халық Республикасына іс-сапары барысында Жұбанов университеті мен Пекиндегі Қытай мұнай университеті арасында меморандумға қол қойылды. Ақтөбелік делегация аталған университет студенттерімен кездесіп, қосдипломдық білім бағдарламасы жайында әңгімелесті.

 

 

Университетің академиялық мобильділік бойынша бөлім басшысының міндетін атқарушы Сабина Кужанованың айтуынша Жұбанов университетінің  Қытайдың жоғары оқу орындарымен ынтамақтасу жұмыстары бойынша тәжірибесі мол. Осыған дейін  Синьцзян қаржы-экономикалық университетімен, Синьцзян педагогикалық университетімен, Синцзян университетімен,  Іле педагогикалық университетімен байланыс орнатылды.

Синьцзян қаржы-экономикалық университетінде 30 студент академиялық мобильділік бойынша семестрлік білім алып жатыр. Керісінше бізде де қытайлық студенттер оқуда, сондай-ақ Синьцзян қаржы-экономикалық университетінде 10 студент «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқып жатса, екінші оқу семестрінде Іле  педагогикалық  университетіне 24 студент оқуға баруға дайындалуда.