Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > Емтихан тапсырып, Heriot-Watt-қа түсіңіз!

Емтихан тапсырып, Heriot-Watt-қа түсіңіз!

Университетте 29-30 сәуір аралығында Шотландияның Heriot-Watt университетіне оқуға түскісі келетін мектеп оқушылары үшін ағылшын тілі емтиханы өтеді.

Айта кетейік, Heriot-Watt университетінің өкілдері Ақтөбеге келіп, ағылшын тілі емтиханын өздері қабылдайтын болады. Бұл IELTS сертификаты жоқ немесе тестілеу нәтижелерінің мерзімі біткен оқушылар үшін арнайы IELTS форматында өткізіледі.

Тілдік емтиханға тіркелу өте оңай. Ол үшін Жұбанов университетінің әлеуметтік желілердегі барлық ресми беттерінде, сондай-ақ сайтта бар QR-код бойынша өтіп, нысанды толтыру қажет. Емтиханнан бір апта бұрын ұйымдастырушылар барлық тіркелген оқушыларға қоңырау шалып, хабарлайтын болады.

Тіркеу 28 сәуір сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, емтихан 29-30 сәуір аралығында А.Молдағұлова даңғылы 34 мекен-жайы бойынша өтеді. Басталуы: сағат 9.00.
Сізде өзіңізбен бірге жеке куәлік, қарындаш және қалам болуы керек. Сонымен бірге тек 500 мл су бөтелкесін әкелуге рұқсат етіледі.
Жастар үшін бұл ең үздік еуропалық университетке түсудің бірегей мүмкіндігі. Оқуды бітіргеннен кейін түлек екі университеттің — Heriot-Watt және Жұбанов университетінің дипломын алады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 778 550 91 95 телефон нөмеріне хабарласуға болады.