Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін Қазақстандағы ғылым саласы қызметкерлерінің күні

Бүгін Қазақстандағы ғылым саласы қызметкерлерінің күні

2011 жылы елімізде Президенттің жарлығымен 12 сәуір «Ғылым қызметкерлерінің күні» ретінде бекітілді. 2012 жылдан бастап бұл дата жыл сайын ғылым саласы қызметкерлерінің төл мерекесі ретінде аталып келеді. Сонымен қатар бұл күн қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.

Қазіргі таңда ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытушы маңызды салаға айналды. Қазақ халқы үшін білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Бабаларымыз ілім мен ғылымның тек оқу арқылы табылатынын дәлелдеп кеткен.

«Ғылым таппай мақтанба…» – деп, жас ұрпақты ғылымға жетелеген Ұлы Абай ұстанымы бүгінде маңызын жойған жоқ.

Жұбанов университетінің де басым бағыттарының бірі – ғылым. Бүгінде де ғалымдардың терең ізденістері арқасында университетте өзекті қолданбалы және іргелі зерттеулер жалғасуда.

Ғылым саласында өнімді еңбек атқарып келе жатқан барша ғалымдарды төл мерекелерімен құттықтап, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!