Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі» төсбелгісімен марапатталды

Университет ғалымы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі» төсбелгісімен марапатталды

Астана қаласында «Қазақстандағы ғылым саласы қызметкерлері» күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан өткізілген салтанатты мәжілісте Жұбанов университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ұзақбай Исмағұлов ұзақ жылғы қызметіндегі, ғылымдағы жетістіктері үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов табыс етті.

Ұзақбай Исмағұлов — Жұбанов университетінде 33 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. 100-ден аса түрлі ғылыми және оқу әдістемелік мақалалардың, сондай-ақ оқу-әдістемелік мазмұндағы еңбектердің және монографиялардың авторы.
Айта кетейік, бұған дейін де профессор жастарға білім, тәрбие берудегі және ғылым жолындағы еңбектері үшін бірқатар марапаттарға ие болды. Ұзақбай Исмағұлов Жұбанов университетінің «Құрметті профессоры», «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгілерінің және тағы да басқа марапаттардың иегері.

Ғалымды марапатымен құттықтап, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!