Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Біліктілікті арттыру курсы өтті

Біліктілікті арттыру курсы өтті

Кәсіби маман даярлау – күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырып. Бұл турасында ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінде жүйелі жұмыстар жолға қойылған.

Осы мазмұндағы игі шараның бірі деп жыл басында бастау алған біліктілікті арттыру курсын ерекше атап өтсек болады.
Пилоттық әлеуметтік жоба аясында қолдау тапқан мазмұнды шара Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өзара ынтымақтастық нәтижесінде ақысыз негізде жүзеге асты. Екі жақты меморандум негізінде қомақты қаражаттың үнемделуі жобаның ұтымды тұстарының алғашқысы болса керек.

Бір ай уақыт шеңберін қамтитын жиынға ақмаңдай шепті ар-ожданмен қырағы күзеткен жүзге жуық шекарашы қатысты.
Жиын соңында Басқарма Төрағасы-ректор Лаура Қарабасова біліктілікті арттыру курсын тәмамдаған толағайларға сертификаттар тапсырып, алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

Н.АРМАНҚЫЗЫ.

//aqtobegazeti.kz/