Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттер Ғылыми-коллекциялық тас қоры және Аймақтық Геологиялық көрмесіне барды

Студенттер Ғылыми-коллекциялық тас қоры және Аймақтық Геологиялық көрмесіне барды

Жұбанов университетінің студенттері қаладағы Ғылыми-коллекциялық тас қоры және Аймақтық Геологиялық көрмесіне барып, жұмысымен танысты.

Аталған Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының «ЗАПКАЗНЕДРА» экология, геология  және табиғи ресурстар Батыс Қазақстан аймақаралық депертаменті ретінде Ақтөбе қаласында көп жылдардан бері жұмыс жасап келеді.

Көрме жетекшісі Елизавета Бачина экскурсия барысында студенттерге аймақтың пайдалы қазбаларының негізгі кен орындарымен, олардың географиялық орналасуы, ашылу тарихы, сонымен қатар шикізат қорымен таныстырды. Мұражайға қойылған минералдардың негізгі топтары туралы айтып өтті. Студенттер көрме жетекшісіне сұрақтар қойып, көптеген мәліметтер алды. Әсіресе, олар минералдар мен тау жыныстарына қызығушылық танытты.

Бай экспозициялық қор студенттерге Батыс Қазақстан аймағы геологиясының қазіргі заманғы көрінісімен танысуға мүмкіндік берді.