Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Елбасы мақаласы талқыланды

Елбасы мақаласы талқыланды

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Елбасы мақаласы жас ұрпаққа бағыт береді» атты танымдық кеш өтті.

Оған Ақтөбенің зиялы қауымы, мәдениет саласының ардагерлері, ұстаздар қатысты. Шараны Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқан ашып сөз сөйледі. Кешке арнайы шақырылған  философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, ақын, көсемсөзші, «Адырна» республикалық әдеби журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Айшуақ Дәрменұлы, белгілі өлкетанушы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат және экологияны қорғау ғылыми-зерттеу бөлімінің  қызметкері Бекарыстан Мырзабай, «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестіруші Көшкінбай Ахметов,  «Үш таған» журналының  бас редакторы Бақыт Жаншаева сияқты зиялы қауым өкілдері Елбасы мақаласына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Мемлекет басшысының  мақаладағы ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық код, бәсекелестікке қабілеттілік, қоғамда білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, прагматизм, рухани жаңғыруға қатысты келелі әңгіме қозғалды.

Кеш барысында «Рухани жаңғырудың — жарқын жолы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

 А.ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ

«Ақтөбе» газеті