Воскресенье, Апрель 21, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте Басқарма төрағасы-Ректордың жұмыс жиыны өтті

Университетте Басқарма төрағасы-Ректордың жұмыс жиыны өтті

Бүгін Жұбанов университетінде Басқарма төрағасы-Ректордың жұмыс жиыны өткізілді.

Жиынға басқарма мүшелері, факультет декандары, құрылым басшылары және кафедра меңгерушілері қатысты.

Алдымен сөз алған Басқарма төрағасы Лаура Қарабасова білім ордасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан университеттегі нақты кейстерді келтіріп, академиялық адалдық талаптарының сақталуына әр басшының жеке жауап беретіндігін атап өтті.

Жұмыс жиыны кезінде университеттің оқытушы-зерттеушілерінің жұмыс нәтижелері, оқу орнында өндірістік мекемелермен жасалып жатқан ғылыми-зерттеулер, Heriot-Watt университеті филиалының ашылуына дайындық барысы, Heriot-Watt университетіне қабылданатын талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарының бағыты тағы да басқа мәселелер туралы баяндалды.

Сонымен қатар басқосуда университет ғалымдарының өндіріспен байланысты ғылыми жобаларын серіктес өндірістік орындарда жүзеге асыру, бірлескен зерттеулер жүргізу, бүкіләлемдік банк, ғылым қоры және Казинновациядан бөлінетін гранттық конкурстарға серіктес кәсіпорындардың өкілдерімен бірлесе қатысу секілді тағы басқа мәселелер талқыланды.