Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ораза айт құтты болсын!

Ораза айт құтты болсын!

Бүгін мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт басталды.

Ораза айт — қонақжайлылық пен мейірбандықтың, достық пен татулықтың мерекесі. Бұл күні мұсылман қауымы үйді-үйді аралап, мерекемен құттықтап, бір-біріне сыйлық жасайтын болған. Мейрам күні ата-анамызға, отбасымызға, балаларға, туыстарға сыйлық үйлестіру – сауапты әрі игі істерге жатады.
Сонымен қатар Ораза айт кешірім жасайтын, мұқтаждарға көмектесетін күн.

Жалпы «Айт» сөзі – мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту, қарымта деген мағыналарды білдіреді.

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз!
Шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!