Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Грантты өтеу жолдары түсіндірілді

Грантты өтеу жолдары түсіндірілді

Бүгін Жұбанов университетінің білім алушылары «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы мониторинг департаментінің маманы Арман Темірбаевпен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын түлектерді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Грантты өтеу санаттарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бакалавриат, магистратура, PhD докторантура, «Серпін», ауылдық квота шеңберінде білім алушылар жатады.

Жиында департамент маманы Арман Темірбаев жұмысқа орналасу және грантты өтеу туралы толық ақпаратпен бөлісіп өтті. Маманның айтуынша, ағымдағы оқу жылын аяқтаған түлектер 1 қыркүйекке дейін жұмысқа орналасуы керек. Егер дәлелді себептермен осы мерзімге дейін жұмыс табу мүмкін болмаса, бір-екі ай өткеннен кейін міндетті жұмыс туралы хабарланады. Кешіктірілсе, сот процесіне дейін баруы мүмкін.

«Серпін» бағдарламасының түлектерінде жұмыс істеу мерзімі 2 жылды құрайды, қалған санаттарға–3 жыл. Егер жұмыс табылмаса түлек халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуы қажет.