Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Британдық Heriot-Watt University филиалына оқуға түсуші талапкерлердің назарына!

Британдық Heriot-Watt University филиалына оқуға түсуші талапкерлердің назарына!

Ағылшын тілінің деңгейін анықтау емтиханы 29 сәуір күні, сағат 08:30-да Жұбанов университетінің Техникалық факультетінің оқу ғимаратында өтетіндігін хабарлаймыз.
Біздің мекенжайымыз: Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263.

Өзіңізбен бірге әкелуге қажетті заттар:
— жеке куәлік;
— қалам және қарындаш;
— 500 мл пластик бөтелкедегі су (қажет болған жағдайда).

Емтихан IELTS форматында және толықтай тегін! Sample test тіркелу кезінде белгіленген поштаңызға алдын-ала жіберіледі.

Ескерту: бұл емтиханнан Academic IELTS сертификаты жоқ немесе нәтижесінде 2-ден артық секциялардан 4,5 балдан төмен жинаған талапкерлер ғана өтеді.

Қосымша сұрақтар бойынша Жұбанов университетінің Қабылдау комиссиясының мамандарына жолығуыңызға немесе хабарласуыңызға болады. (Ә.Молдағұлова даңғылы, 34. 102 кабинет)

Сәттілік тілейміз!