Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы айтылды

Адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы айтылды

«Саналы-Ұрпақ» облыстық фронт-офисі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс кеңсесі өкілдері Жұбанов университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында  комплеанс басшысы Дархан Мүсіров  университеттегі комплеанс қызметінің құрылымына және жұмыс барысына тоқталды. Ол ашықтық, адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудің жолдарын түсіндірді.

Кездесуде сондай-ақ, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру, академиялық адалдық, «Антикорлайф» аясында атқарылып жатқан шаралардың тиімділігі,  жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды күшейту мәселелері талқыланды.

Шара қонақтарымен диалогтік алаңда жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.