Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттер нақты қолданыстағы тәжірибелік дағдыларды игерді

Студенттер нақты қолданыстағы тәжірибелік дағдыларды игерді

Жұбанов университетінің техникалық факультетінің студенттері Ақтөбе мыс компаниясы және Дөң тау-кен байыту комбинатынан өндірістік тәжірибеден өту барысында жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болды.

«Тау-кен ісі» және «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының 4 курс студенттеріне 9 апталық өндірістік тәжірибеден өту кезінде 5 күндік жұмыс режимінде ең төменгі жалақы мөлшерінде айлық төленді.

Сонымен қатар аталмыш компания студенттерді жатын орын, күнделікті ас-су және арнайы жұмыс киімдерімен қамтамасыз етті.

Айта кетейік, тәжірибе кезінде Дөң тау-кен байыту комбинатына өздерін белсенділігімен және біліктілігімен көрсете білген университетің 5 студенті жұмысқа қабылданды. Ал Ақтөбе мыс компаниясы тәжірибеден өткен студенттер арасынан 4 студентке диплом алғаннан кейін, компанияға жұмысқа орналасу бойынша шақырту қағазын берді.

Студенттер тәжірибеден өту барысында тек жұмыс жасап қана қойған жоқ, олар өндірістің қоғамдық өміріне де белсене араласты. Сонымен қатар олар нақты қолданыстағы шахтаның технологиялық сұлбаларын талдай және зерттей отырып, тәжірибелік дағдыларды игерді.