Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Білім > Университет студенті Республикалық пәндік олимпиадада бірінші орынды иеленді

Университет студенті Республикалық пәндік олимпиадада бірінші орынды иеленді

Еліміздің жоғары оқу орындарының «Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығында оқитын студенттері арасында өткізілген XV Республикалық пәндік олимпиадада университет студенті Ыбырай Нұрбол бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ аталған додада университет командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Студенттерге «Физика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жігер Убаев жетекшілік етті.

Айта кетейік, олимпиада Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында ұйымдастырылды.

Жеңімпаз студенттерімізді жетістігімен құттықтаймыз!