Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Білім > «Болашақ» түлектері өз тәжірибесімен бөлісті

«Болашақ» түлектері өз тәжірибесімен бөлісті

Бүгін Жұбанов университетінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қатысуымен Ted talks форматында кездесу өтті.

Спикерлер ағылшын тілі мұғалімі Айғаным Сұлтанова, «Ақбөбек» халықаралық мектебінің мектепті дамыту және сыртқы байланыстар жөніндегі директор орынбасары Зульфия Урумбасарова, университет оқытушыларынан PhD Әсел Жаким және педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абылай Каринов өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге шет елде білім алу мүмкіндіктері туралы айтты.

«Болашақ» — еліміздің білім қуған жастарына арналған ең сәтті жобалардың бірі. Қазіргі таңда ашылғанына 30 жылдай уақыт болған бағдарлама бойынша шетелдік үздік оқу орындарында білім алып келген жастар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, білім және ғылым тағы басқа да салаларын дамытуда маңызды үлес қосып жүр.

Кездесуде студенттер шетелдегі өмір дағдылары, оқудың ерекшеліктері, алға қойған мақсатқа жету жолдары туралы қызығушылық танытты.