Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте қайырымдылық концерті өтті

Университетте қайырымдылық концерті өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Музыка және хореография» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің «Жан жылуы» есептік қайырымдылық концерті өтті.

Есептік концертті кафедраның ардагерлер ұстаздары, демеушілер және оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері тамашалады.

Іс-шарада «Самғау» би ансамблі, университет студенттерімен оқытушыларынан құрылған «Ақжелең» ұлт аспаптар оркестрі, Студенттер хоры, «Музыкалық білім» мамандығының оқытушылары мен студенттері және университет түлектері Айбек Қарағұлов пен Алтынбек Хабрахман өнер көрсетті.

Айта кетейік, концерттен түскен қаржы әлеуметтік көмек ретінде университеттің жеті студентіне берілді. «Музыкалық білім» , «Хореография» және «Мәдени — тынығу жұмысы» мамандықтарында білім алатын студенттердің әлеуметтік жағдайы, оқу үлгерімі ескеріле отырып, 6 студентке 100 мың теңге көлемінде, бір студентке 50 мың теңге көлемінде оқу ақысына аударылды.