Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бірлік пен татулықтың мерекесін атап өтті

Бірлік пен татулықтың мерекесін атап өтті

Бүгін Жұбанов университетінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға оқу орнына келген қонақтар Heriot-Watt университеті және Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері, университет басшылығы, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.

Жиында сөз сөйлеген университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров ұлттар татуластығы, бейбіт өмір, бірліктің баға жетпес маңыздылығын атап өтіп, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Мереке аясында әр ұлттың ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырылып, жиналғандар дәмнен ауыз тиді. Университеттің өнерлі жастары кәріс, қытай, өзбек, әзербайжан, үнді тағы да басқа елдердің ұлттық билерін билеп, әсем әндер шырқады. Сонымен қатар көрермендер өзге ұлттардың салт-дәстүр көріністерін тамашалады.

Бұл іс-шараның мақсаты жастарды ел аумағында тұратын басқа ұлттардың дәстүрлері мен мәдениетімен таныстырып қана қоймай, біртұтас тұтастыққа біріктіруге арналды.