Вторник, Май 30, 2023
Басты > Жаңалықтар > Профессор Паула Монфордтың вебинары өтеді

Профессор Паула Монфордтың вебинары өтеді

Профессор Паула Монфорд университеттің профессор-оқытушылары мен студенттеріне вебинар өткізеді.

Паула Монфорд Йорк университетінің білім департаментіндегі үздік бағдарлама жетекшілерінің бірі. Оның педагогтерді оқытуда 10 жылдан астам тәжірибесі бар.  Йорктегі мұғалімдерді бастапқы даярлау бөлімінің директоры қызметін атқарған. «Білім берудегі перспективалар» модулін басқара отырып, білім беру саласындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуға қатысады. Сондай-ақ білім магистрлері мен педагогикалық тәжірибе магистрлеріне арналған курстардың меңгерушісі. Бұған дейін профессор Паула Монтфорд Йорктегі Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжімен (NCSL), оқытуды бағалауға бағытталған желілік оқу қоғамдастығы және іскерлік серіктес жобасы Pathfinder білім және дағдылар департаментімен (DfES) бірлесе жұмыстар атқарды. Оның басқа да жобалар қатарына азаматтық білім беру және бастауыш мұғалімдерді дайындаудағы ерешелік кіреді. Ол ғылыми-зерттеу журналдардағы бірнеше басылымдардың авторы.

Вебинар тақырыбы: Үздіксіз кәсіби даму. Мұғалімдер/дәрігерлер өз педагогикалық дағдысын қалай жетілдіреді?

Вебинар ағылшын тілінде өтеді.

Өтетін күні: 2 мамыр, сағат 15:00

ZOOM:

ID: 946 961 1670

коды: 777