Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде Heriot-Watt оқуға түсу емтиханы өтті

Жұбанов университетінде Heriot-Watt оқуға түсу емтиханы өтті

Бүгін Жұбанов университеті базасындағы Heriot-Watt Шотландия университетінің филиалына түсуші талапкерлер ағылшын тілін білуге түсу емтиханын тапсырды. Таңертеңгі сағат 8-ден бастап Жұбанов университетінің техникалық факультетінің жанына оқушылар мен олардың ата-аналары жиналды.

Емтихан басталар алдында Heriot-Watt университетінің өкілдері қатысушыларды қарсы алып, сәттілік тіледі.

Heriot-Watt университетінің Халықаралық факультетінің атқарушы деканы Анна Фендж емтихан тапсырушы үміткерлермен қыркүйек айында университет қабырғасында қайта жүздесетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Жұбанов университеті ұйымдастырушылық сәттерге көп көңіл бөлгендіктен тіркеуде ешқандай түсініспеушілік орын алған жоқ.

Емтихан уақыты бір сағатқа созылды. Ақтөбе және басқа өңірлерден келген 300-ге жуық талапкер емтихан тапсырды.

Бірнеше күн ішінде талапкерлерге нәтижелері көрсетілген сертификаттар электрондық пошталарына жіберілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш емтиханнан өтпеген талапкерлер маусым және шілде айларында қайта тегін тапсыра алады.