Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Heriot-Watt университетінің өкілдері талапкерлердің ата-аналарымен кездесті

Heriot-Watt университетінің өкілдері талапкерлердің ата-аналарымен кездесті

Оқушылар ағылшын тілінен емтихан тапсырып жатқанда, олардың ата-аналары Студенттер сарайында Heriot-Watt және Жұбанов университетінің өкілдерімен кездесті.

Шотландиялық қонақтар Heriot-Watt жоғары оқу орнының тарихы мен түлектерінің болашағы туралы айтып берді.

Өз кезегінде Жұбанов университетінің басқарма мүшелері де ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді. Ең алдымен ата-аналарды неге біздің университетке шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашу керек деген сұрақ қызықтырды.

— Бізде тек оқытып, диплом беру деген мақсат жоқ. Ең алдымен, университет деңгейін халықаралық дәрежеге көтеріп, білімімізді одан әрі экспорттағымыз келеді. Шетелдік жетекші жоғары оқу орны біздің өңірде ашылғалы отыр.Бұл жастарға берілген ерекше мүмкіндік, — дейді стратегиялық даму жөніндегі проректор Дастан Хусаинов.

Қыздар инженерлік мамандықтарға түсе ала ма дегенде сұрақтар қойылды.
— Бізде әйелдер мен ерлерді мамандықтарға бөлу жоқ. Электрэнергетика, мұнай инженериясы және IT-салаларында жұмыс жасап жүрген көптеген әйел мамандар бар. Сонымен қатар, компьютерлік инженерия бүгінде қыздар арасында танымал. Барлығының мүмкіндіктері бірдей, — деп жауап берді Жұбанов университетінің өкілдері.

Сондай-ақ, көптеген ата-аналар қабылдау шарттары, бірінші семестрдегі оқу процесі және тілдік дайындық туралы сұрады.