Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Біліктілікті арттыру шарасы өтті

Біліктілікті арттыру шарасы өтті

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Көпшілік алдында сөйлеу этикасы және медиабелсенділік» атты тілдік біліктілік арттыру іс-шарасы өтті.

Шараның мақсаты Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін жетілдіру, тілдік әлеуетін көтеру және медиабелсенділігін одан әрі дамытуға ықпал ету болатын.

2016 жылдан бастау алған дәстүрлі бұл шара бүгінгі күні облыстың 400-ге жуық мемлекеттік қызметкерлерді қамтып отыр. Әр жылдары Ақтөбе қаласы мен аудандарда өткен ауқымды тренинг бүгін «Көпшілік алдында сөйлеу этикасы және медиабелсенділік» деген тақырыпта тілдік біліктілік арттыру іс-шарасына ұласты, облыстық басқармалар мен департаменттерден 30-дан астам мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шара спикерлері: Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушысы Райбек Сағадатов, журналист, «Тандем» радиосының тілшісі, «Айсын» радиожурналистика мектебінің тренері, республикалық «Білім айнасы» журналының тілшісі Гүлия Шоқанқызы Айтуғанова, облыстық «AQTOBE» телеарнасының редакторы, тележүргізуші Айбану Асхатқызы Байнақ.

Шараға қатысушылар:

  • қазіргі әлемдік жаһандану заманында медиабелсенділіктің маңызын;
  • көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін;
  • аудиториямен байланыс орнату және өзін жақсы ұстау/көрсету тәсілін;
  • шаршы топ алдында шығып сөйлеуді;
  • сөз орамдарын дұрыс пайдалануды;
  • әлеуметтік парақшаның визуалын, контент жоспар құруды, пост жазу және стратегияларын дамытуды үйренді.

Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталып, қатысушылар өздерінің оң пікірлерін білдірді.

К.Х. Серғазина

Тілдерді оқыту орталығының директоры

 

/tilalemi.kz/