Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің жас ғалымдарының зерттеулері гранттық қаржыландыруға ие болды

Университеттің жас ғалымдарының зерттеулері гранттық қаржыландыруға ие болды

Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» конкурсы бойынша қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы Гүлмира Ермекбаеваның және магистр Жанар Мустафинаның ғылыми жобалары гранттық қаржыландыруға ие болды.

Гүлмира Ермекбаеваның жобасының тақырыбы «Қазақстан Республикасының өңірлік жоғары оқу орнында болашақ педагогтерді оқытудың зерттеушілік моделін (RBL) енгізу» деп аталады. Жоба мақсаты – Қазақстан Республикасы өңірлік ЖОО-да болашақ педагогтердің ғылыми әлеуетін қалыптастырудағы механизмнің тиімділігін арттыру.

Жанар Мустафинаның «Қазақстандағы жаңа діни ұйымдардың қызметі: тарихи-дінтанулық зерттеу (Батыс Қазақстан мысалында)» тақырыбындағы жобасының мақсаты – түрлі дерек көздері және далалық зерттеулер арқылы Қазақстандағы жаңа діни ұйымдардың қалыптасу тарихын зерттеу. Сонымен қатар олардың қазіргі қызметіне дінтанулық талдау жасау, діни ілімдері мен тәжірибелерінің ерекшеліктерін, қоғамдағы дінаралық қатынастардағы орны мен діни сананың қалыптасуына ықпалын айқындау.

Ғалымдарды жетісітігімен құттықтаймыз!