Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбановшылар жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға қатысты

Жұбановшылар жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға қатысты

Бүгін барлық қазақстандықтар мамыр мерекелері және Жеңіс күніне орай жалпыұлттық патриоттық диктант жазды.
Аталған іс-шараға Жұбановшылар да атсалысты. Алты мыңға жуық білім алушылар мен үш жүзден астам профессор-оқытушылар патриоттық диктант жазуға қатысты. 141 сөзден тұратын мәтінді жазуға 40 минут уақыт берілді.

Жалпыұлттық диктант бүкіл ел бойынша бір уақытта басталды. Республикалық патриоттық диктанттың негізгі тақырыбы «Еркін ел ұрпағы» деп аталды. Онда қазақ елінің басты құндылығы – Тәуелсіздік дәріптеліп, ұрпаққа мирас болып болып қалған киелі жерлер жайында айтылады. Сонымен қатар қазіргі таңдағы тілдерді жетік меңгерген, білімді, заманауи жастармен ел болашағының жарқын екендігі баяндалады.

Шараның мақсаты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеуге арналды.

Айта кетейік, диктант қазақ тілінде жазылды. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады.