Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ер-азаматтарға құрмет көрсетілді

Ер-азаматтарға құрмет көрсетілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жұбанов университетінің ер-азаматтарына құрмет көрсетілді. Білім алаңына жиналған кеш қонақтарына оқу орнының өнерлі жастары тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шара барысында ұйымдастырушылар ер-азаматтардың еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі істеріне табыс тілеп, мерекелерімен құттықтады.

«Саябақтағы кешкі әуен» тақырыбындағы Retro кештің қадірлі қонақтары 70-80 жылдардағы хит әндерді өнерпаздармен бірге орындап, ерекше көңіл күйге бөленді.

Еркін форматтағы кеште сондай-ақ, қызықты ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Кеш қонақтары университет басшылығына, ұйымдастырушыларға керемет мерекелік кеш үшін алғысын білдіріп, риза көңілмен тарасты.