Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студентінің жеке әні жарық көрді

Университет студентінің жеке әні жарық көрді

Жұбанов университетінің «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Дана Раисованың «Олай болмайды» атты жеке әні жарық көрді.

Жас әнші жеке әніне клип түсіріп, оның тұсаукесерін өткізді.

Дана Раисова  университеттің қоғамдық және әлеуметтік өміріне араласып жүрген белсенді студенттердің бірі. Ол көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты.

Атап өтсек, «Бозторғай» байқауының Гран-При иегері, Халықаралық «Азия жұлдыздары-2019» байқауынан Гран-При иегері, Республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз!» шығармашылық байқауының «Вокал» номинациясы бойынша Гран-При иегері, «ZhasSTAR» IV Республикалық дәстүрлі, академиялық және эстрадалық жанрлар байқауының  1 дәрежелі лауреат иегері, Халықаралық «Жұлдызды сәт байқауының «Вокал» номинациясы бойынша 1 дәрежелі диплом иегері. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов атындағы республикалық «Дауыс» вокалистер байқауының Италиялық «DEARS» фан клубының арнайы жүлдегері.

Университеттің жас әншісін жетістігімен құттықтап, шығармашылық шабыт тілейміз!